Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2024

Жетісу облысында екі тәулікте қардан 39 адам эвакуацияланды

Жетісу облысында өткен екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылып эвакуацияланды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды.
ТЖД күштерімен қар
құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды.
15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған.

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз