Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2024

Бүгін - Әбілхан Қастеевтің туған күні

Бүгін қазақ даласында бейнелеу өнерінің негізін қалаған қылқалам шебері, Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  - Әбілхан Қастеевтің туған күні.

Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы.

Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияла-рында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген.

Әбілхан қол өнеріне, онан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарыңдастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары түпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді.

 Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты жұмыстары өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болған бірегей туындылар.

Елімізде қаңтар бойы суретшінің 120 жылдығы аталып өтеді деп жоспарланған.
Аса көрнекті кескіндемеші, график - қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің картиналары өзіндік стилімен және туған жеріне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Суретші 1100-ден астам туындылар жасады.
Айта кетерлігі, суретшінің мерейтойына орай жақында «Әбілхан Қастеев. Ғасыр мұрасы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
Игі шара 2024 жылдың 17 қаңтарында сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде шымылдығын ашады.

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз