Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 14 Қаңтар, 2024

СІМ Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір жариялады, деп хабарлайды kazgazeta.kz 

«Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет. Ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Тайваньдағы президент сайлауында биліктегі Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті. Тайванда сонымен бірге заң шығарушы юанға (Парламентке) сайлау өтті.

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз