Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қаңтар, 2024

Алматының әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады

Алматыда әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болды.

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр.

222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз