Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2024

Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылу салтанаты өтті

Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл оған әлемнің 16 елінің мамандандырылған физика-математика мектептерінен 700-ге жуық оқушы, 85 команда қатысты.

Қазақстандық оқушылар 109 медаль жеңіп алды – 10 алтын, 43 күміс және 56 қола. Барлық жеңімпаз олимпиада демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Олимпиадаға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, «РФММ» КЕАҚ Директороар кеңесінің төрағасы Берік Қаниев және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова құттықтады.

197 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз