Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Спортшыларды шығарып салу рәсімі өтті

Санаулы күндерден соң Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы басталады. Бүгін елордада спортшыларды шығарып салу салтанатты шарасы өтті. Еліміздің туын 16 жасар оралдық Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.

«Олимпиадаға соңғы 2 ай бойы дайындалдық. Жүлде алуға мүмкіндік мол. Туымызды көкке көтереміз деп ойлаймын. Көк туды алып шығу мен үшін үлкен мәртебе. Шорт-трек бойынша негізгі қарсыластар Оңтүстік Корея, Қытай, Канада. Осы Олимпиадаға дейін 2023 жылы шорт-тректен Ресейде өткен халықаралық сайысқа қатысып, ІІ орын алдым. Канвон қысқы Олимпиадасында жеке және командамен сынға түсеміз», - деді Ерасыл Шыңғысхан.

Жас спортшының айтуынша, ол шорт-трек спортымен соңғы 7 жыл бойы айналысып келеді.

«Дайындық Астанада өтті. Барлық жағдай жасалды. Канвон қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатында туымызды алып шығуыма бапкерім Танабек Манарбекұлының үлесі зор», - деді ол.

Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

151 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз