Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2024

1,5 жыл бойы инвесторлар газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмаған

Адматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисі аумағында өткізілген кездесулер барысында 1,5 жыл бойы инвесторлардың газбен жабдықтау желілеріне қосыла алмағаны анықталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

2022 жылы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен индустриялық аймақта газбен жабдықтау үшін магистральдық инженерлік-көліктік желілерінің құрылысын жүргізген, оған бірқатар инвесторларды қосу жоспарланған.

Бірақ, әкімдік нысанның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне берілмегеніне сілтеме жасай отырып, газбен жабдықтау желілеріне қосудан бас тартқан.

Орын алған жағдай бойынша жүргізілген талдау нәтижесімен прокуратура қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижесі бойынша аталған магистральға 124 млрд. теңгеден астам соммада инвестициялық жобаны іске асырудағы, 3314 жұмыс орнын құрайтын 26 инвестор қосылды, сонымен бірге, заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс ерекше бақылауда.

198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз