Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 15 Қаңтар, 2024

Қоянбай ауылында жаңа мәдениет ошағы ашылды

Абай облысының Бесқарағай ауданы Қоянбай ауылында 100 адамға арналған жаңа мәдениет мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды kazgazeta.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мәдени мекеменің басты мақсаты  – халықтың мәдени демалысына қолжетімділікті қамтамасыз ету және жастарға қолайлы жағдай жасау. Осы бастама аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары жаңа сахнада алғашқылардың бірі болып өнер көрсетті. Аудан әкімі Талғат Мұратов мәдениет үйіне жаңа музыкалық аппаратура сыйлап, қолдау білдірді.
Сондай-ақ, 2023 жылы Қоянбай ауылында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер салынып, кезекте тұрған жандарға беріліп, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсаруда.
Қоянбай ауылындағы тұрғындар саны 409 адамды құрайды. Ауылда мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған тың бастамалар қолға алынған.

298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз