Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 15 Қаңтар, 2024

Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарына 30 күнге визасыз бара алады

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Сейшел Республикасының арасында 30 күндік визасыз режим күшіне енгенін мәлім етті, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«2023 жылғы 22 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған ҚР Үкіметі мен Сейшел Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2024 жылғы 6 қаңтардан бастап күшіне енді. Келісімнің бірінші бабы бойынша, екі елдің азаматтары екінші уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше рет келу, кету, транзит, уақытша жүріп-тұру үшін визалық талаптардан босатылады. Осы ретте азаматтардың шекарадан өткен кезден бастап екі мемлекет аумағында болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімдегі кезеңде, ал күнтізбелік 180 күн ішінде жиынтығында күнтізбелік 90 күннен аспауы керек», - деді СІМ ресми өкілі. 

Оның айтуынша, қазақстандықтар аталған аумаққа сапар жасамай тұрып, ол жақта неше күн болатынын нақты жоспарлап алуы керек.

«Егер Қазақстан азаматтары Сейшел аралдарында 30 күннен астам уақытқа қалғысы келсе, тиісті санаттағы Сейшел визасын алдын ала ресімдеуі керек», - деді Айбек Смадияров.

343 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз