Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2024

Алматыдағы мейрамханаға полиция қызметкері терезеден кірді

Алматыдағы мейрамханаға полиция қызметкері терезеден кірді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан полиция қызметкерінің қатты музыка ойнап жатқан ғимаратқа терезе арқылы кіргенін көруге болады. 

Түнде Жароков көшесінде орналасқан «Турандот» мейрамханасындағы шу тынышталмаған соң, полиция жарты сағат бойы ішке кіре алмай, ақыры терезе арқылы кіруге мәжбүр болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған мейрамхана маңында тұратын тұрғындардан шақырту түскен.

«Шақыруға Буран-126 патрульдік экипажы барды, мекеме ішінде адамдар болды, олар есікті ішінен кілтеп алған. Полицейлердің талабын орындамады. Содан кейін патрульдік экипаж қызметкері, полицияның аға лейтенанты Мәуленқұл ғимараттың екінші қабатына ашық терезе арқылы кіріп, өрескел заңбұзушылықтың жолын кесті», - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.

Ведомстводан атап өтккендей, мейрамхана иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тыныштықты бұзғаны үшін оған 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Кейін мейрамхана әкімшілігі келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраған.

 

222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз