Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 15 Қаңтар, 2024

Алтын орда» базары жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр

«Алтын орда» базары жұмысын ашық ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті «Алтын орда» базарының әкімшілігімен бірлесіп бекіткен «Алтын орда» базары жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2023 жылғы желтоқсаннан бастап базар аумағының 6 кіреберісінде QR-кодтары бар автоматты шлагбаумдар мен кіру ақысын төлеу үшін павильондарда 6 POS-терминал орнатылды.

Сондай-ақ, «Алтын Орда» базарын цифрландыру бойынша «altynordaresmi.kz» ақпараттық веб-сайты іске қосылды, онда азаматтарға қолжетімді сауда орындарының саны, олардың алаңы, жалдау құны туралы ақпаратты, сондай-ақ жалдау (пайдалану) шартының талаптары, оны бұзу тәртібі мен негіздері туралы ақпарат қамтылған.

Базар басшылығы тарапынан кері байланыс алу үшін онлайн-шағым беру және ұсыныс енгізу мүмкіндігі енгізілді.

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы желтоқсанда Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков «Алтын Орда» базарына барып, базар әкімшілігімен сауда алаңдарын жаңғырту мәселелерін талқылап, қысқа мерзімде бизнес-процестерді цифрландыруға көшу процесін жеделдетуді тапсырған еді.

 

Фото: informburo.kz

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз