Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Қаңтар, 2024

Майқайыңдағы ойықтан 180 мың тонна топырақ шығарылды

Автобус түсіп кеткен жерге құтқарушыларды жеткізу үшін коллондық жолды кеңейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жер қазуға 20 ауыр техника жұмылдырылған, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеніш маңындағы ойыққа түсіп кеткен автобустқа жетіп, ішіндегі құтқарушыларды алып шығуға жұмылдырылған құтқару тобы қазірде жол салу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірге дейін 180 мың тоннадан астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

«Майқайыңалтын» кенішіне түсіп кеткен автобусқа өту үшін коллондық жолды кеңейту жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіліп жатыр. Шұңқырдың ортасына жақындаған сайын үйінді топырағының сырғуына байланысты қауіп бар. Топырақтың жылжуын уақтылы анықтау үшін ойық аумағына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде» делінген өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Майқайың

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 141 адам, 50 бірлік техника, 1 кинологиялық топ, 2 бірлік ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) жұмылдырылды.

281 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз