Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2024

Алматы облысында ерлі-зайыпты ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды

Полицейлер Алматы облысының Казцик ауылында синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Есірткі өндірісін Алматыдан келген отбасылық жұп ұйымдастырған. Бұл үшін олар үй сатып алып, оның жанына зертханаға лайықтап үй-жай салған.

 

Зертханадан химиялық реакцияларға арналған агрегаттар, есірткіні кептіретін орындар табылды.

 

– Отбасылық жұптың қылмыстық әрекеттерінің дәлелі ретінде полицейлер екі зертханалық реактор, 100 кг синтезделген есірткілік ұнтақ тәріздес зат және есірткіні өндіруге арналған 800 литрден астам прекурсор тәркіленді. Осылайша, тәртіп сақшылары құны 7 млрд теңге болатын синтетикалық есірткінің 550 мыңға жуық дозасының таралуының алдын алды. Топ болып аса ірі көлемде есірткі өндіргені үшін ұсталғандар мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

 

Айта кету керек, 2023 жылдың желтоқсан айынан ІІМ-нің бастамасымен синтетикалық есірткіні өндіру үшін қолданылатын құрал-жабдықтың айналымына қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұл үшін 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

129 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз