Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2024

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева екі қыз бен бір ұл босанды, деп хабарлайды kazgazeta.kz Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

 Нәрестелердің салмағы — 1875, 1735, 2040 грамм. Облыстық перинаталдық орталықтан Нұрмаханбетовтер отбасы шаңырақтарына үлкен қуанышпен оралды. Аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасына арнайы іздеп барып, жақында дүниеге келген үшемге құтты болсын айтты. Аудан басшысы сәбилерге арба мен қажетті гигиеналық заттар сыйға тартты.

 

Жаңа туылған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған соң, перзентханадан шығарылған.

 

Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осылайша, көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар боп қызмет етеді, - деп жазды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

144 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз