Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 16 Қаңтар, 2024

Әлемдік ірі маркетплейстерде Орталық Азия павильоны ашылуы мүмкін

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев электрондық саудада басқа елдермен тауар айналымын 100 миллион доллардан асыру мақсаты туралы айтып берді.

 

«Электрондық сату арқылы басқа елдермен тауар айналымын жыл сайын 100 миллион АҚШ долларынан аса ұлғайтуды көздеп отырмыз. «Nomads of Central Asia» брендінің қолөнер сияқты тауарларын бірлесіп өткізу үшін ірі әлемдік маркетплейстерде Орталық Азия павильонының ашылуы пысықталады», - деді А. Шаққалиев Үкімет отырысында.

 

Министрлік пен бизнес арасында сындарлы диалог құру үшін «Атамекен» ұлттық палатасында тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңы іске қосылды. Бұл электрондық сауданы дамытуға қолайлы жағдайлар жасау жөнінде жедел, ең бастысы тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

140 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз