Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 16 Қаңтар, 2024

Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық Шымкентте ұсталды

Шымкент қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында 45 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келген.

«Қазіргі таңда шетелдік қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Фото: Globallookpress.com

247 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз