Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қаңтар, 2024

Хоккейден ӘЧ: Қазақстанның қыздар құрамасы алғашқы жеңісіне жетті

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ІІ дивизионында Қазақстан құрама командасы алғашқы жеңісіне жетті.

 

Қазақстан құрамасы А тобында Түркия командасының қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, алғашқы ұпайын алды. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігіне ие болды.

 

Бірінші турда Қазақстан Ұлыбритания құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңілген болатын. 

 

Жалпы ІІ дивизионда Қазақстан, Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания мен Түркия командалары қатысып жатыр. 

 

Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай мен Нидерландмен ойнайды. Бұл құрамалармен ойын 21 қаңтарда, бір күнде болады.

138 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз