Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қаңтар, 2024

Алматыта 20 км велоинфрақұрылым үшін жобалар әзірленеді

2024 жылы Алматыда 20 км көшеге арналған веложол жобаларын әзірлеу жоспарланған, - деп хабарлайды kazgazeta.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Ол жобалардың ұзындығы мен жүзеге асыру мерзімі барлық қажетті құжаттаманы дайындаған соң нақтыланады.

2023 жылы Алматыда 3 км велоинфрақұрылым жабдықталды. Веложолдар Манас көшесінің бойымен Сәтбаев көшесінің батыс жағынан Шевченко көшесіне дейін, сол арқылы Сәтбаев көшесін қаланың қалған велосипед желісімен және Бұқтырма мен Майлин көшесіне қосылатын Құлжа күре жолы мен Бұқтырма көшесінің қиылысындағы жолайырыққа дейін жалғайды.

Алматының Бас жоспарында веложолдар желісін ұлғайту көзделген. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен велоинфрақұрылым велоинфрақұрылым велосипедпен жүруде сұранысқа ие дәліздерде орналастырылады. Мегаполисте барлығы 92 км вело инфрақұрылым жабдықталған. Веложолақтың ұзындығы 25 км, ал веложол 67 км.

221 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз