Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 17 Қаңтар, 2024

Астанада жеңіл атлетикадан әлемдік деңгейдегі турнир өтеді

Астанада World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында жеңіл атлетикадан Алтын деңгейдегі Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes бірінші халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жеті қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:

- Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.
- ⁠
- Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.
- ⁠
Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200 м жүгіруде Гауһар лигасы финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай-ақ 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.

429 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз