Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Қаңтар, 2024

Алматы әуежайында жалған құжат ұсынған 3 шетелдік ұсталды

2024 жылғы 15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арнайы техникалық құралдарды қолдана жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады.
Жалған төлқұжаттар алынды.
Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды.
2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісінің жолын кесті.
ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды қолданып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылғанын хабарлайды.

193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз