Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қаңтар, 2024

Атырауда өзін өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды

Атырауда 63 жасқа толатын ер адам өзін өртеп, 81 пайыз күйікпен ауруханаға түскен еді. Ер адам бүгін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыстық ауруханаға өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15–те жеткізілген.

«Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мақат ауданында болған.

«Мақат аудандық полиция бөліміне Доссор кентінің Аймағамбетов көшесіндегі тұрғын үйдің жанында ер адамның өзін-өзі өртегені туралы хабар түсті. Полиция қызметкерлері өзін-өзі өртеген аталған ауданның 1961 жылғы тұрғыны екенін анықтады», — деп хабарлаған еді департаменттің баспасөз қызметі. 

Фото: ашық дереккөз

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз