Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 17 Қаңтар, 2024

Батыс Қазақстанда боранға байланысты 7 жол жабық тұр

ҚазАвтоЖол БҚО-да республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады. 

Батыс Қазақстан облысында — 7 учаске

  1. «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» жолының 4-104 шақырым аралығы, Орал қаласы — РФ шекарасы, 100 км.

  2. «Самара-Шымкент» жолының 195-251 шақырым аралығы, РФ шекарасы — Орал қаласы, 56 км.

  3. «Самара-Шымкент» жолының 261-393 км, Подстепное — Жымпиты, 132 км.

  4. «Атырау-Орал» жолының 189-492 шақырым аралығы, Атырау облысы шекарасы — Орал, 303 км.

  5. «Орал-Теплое» жолының 5-33 шақырым аралығы, Орал — РФ шекарасы, 28 км.

  6. «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолының 0-36 км, Подстепное — Федоровка, 36 км.

  7. Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелінің 0-14 шақырым аралығы, Подстепное — Құс фабрикасы, 14 км.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 765 техника және 1452 адам жұмылдырылған. 

Фото: Досжан Балабекұлы

291 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз