Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2024

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтеуі керек?

Қазақстан азаматтары мұрагерлікке мүлік пен ақша ғана емес, сонымен қатар қарыздарды, оның ішінде коммуналдық төлемдер мен несиені де алады. Адам қайтыс болғаннан кейін төленбеген несиелері болса, не істеу керек, оны кім және қалай өтеуі керек? Бұл туралы Қазақ газеттері Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мәліметінше, мұрагер қайтыс болған туысының несиесін алудан бас тартуға құқылы. Алайда, бұл жағдайда басқа мұрадан да (болған жағдайда) бас тартуға мәжбүр болады. Өйткені мұраның бір бөлігінен ғана ескертпе немесе шарт айтып, бас тартуға заңмен жол берілмейді. Басқаша айтқанда, үш бөлмелі пәтерді мұраға алып, бұл ретте оның бұрынғы иесінің қарызын төлеуден бас тарта алмайсыз.

"Егер мұрагер мұраға кірмеу туралы шешім қабылдаса, онда ол ешқайда бармайды және өз құқығын мәлімдемемесе болады. Бұл жағдайда ол ешқандай әрекет жасамауы керек, яғни мұра қалдырушының мүлкін пайдалану, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б. Егер мұрагер білместен мұраға кіру туралы өтініш беріп, содан кейін өз ойын өзгерткен болса, онда мұраға құқығы туралы куәлік алғанға дейін нотариусқа мұрадан бас тарту туралы өтініш беруі керек. Куәлікті алғаннан кейін мұрадан тек сот арқылы бас тартуға болады", - делінген агенттіктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Фото: ашық дереккөз

118 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз