Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қаңтар, 2024

Тұрғын үй салу кезінде жымқыру фактілері анықталды

Көкшетау қалалық сотының үкімімен 50 млн.теңгеден астам жымқыру жасағаны үшін тапсырыс берушінің өкілі ретінде үйді қабылдап, мердігерге іс жүзінде аяқталмаған жұмыс үшін төлеген құрылыс Басқармасы бастығының орынбасары 8 жылға, мердігер ұйымның басшысы 7 жылға, сондай-ақ нысан құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асырған сарапшы 2 жылға бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Үкімге Ақмола облысы прокуратурасының құрылыс Басқармасының қызметін тексеру нәтижелері негіз болды.

Осылайша, жоғарыда аталған тұлғалар Щучинск қаласында 50 млн.теңгеден астам сомаға жобалық-сметалық құжаттамадан көптеген кемшіліктері мен ауытқулары бар 100 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағаны анықтады.

Прокуратураның тексеру материалдары тергеп-тексеру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған қылмыстық кодекстін 189 бабының 4 бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу  немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-да тіркелді.

Сотта соттталушылардың кінәсі толығымен дәлелденіп, іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен қатар, үкімге облыс прокуратурасы наразылық білдіріп, сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды.

436 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз