Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Қаңтар, 2024

Алматының Түрксіб ауданында 5,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Өнеркәсіп 13,3%-ға өсіп, 5,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Алматының ең көне ауданы қалай дамып отыр, - деп хабарлайды қала әкімдігі.

Түрксіб ауданында экономикалық көрсеткіштері оң серпін көрсетуде. Бизнестің іскерлік белсенділігі 24%-ға артты. Бұл салық түсімін 23%-ға ұлғайтуға және 5,5 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматының ең көне ауданының тұрғындарымен кездесу барысында атап өтті.

Мәселен, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 2,2 есе (96,7 мың шаршы метрден 212,8 мың шаршы метрге дейін), өнеркәсіп 13,3%-ға (357 млрд. теңгеден 390,6 млрд. теңгеге дейін)  және инвестициялар 4,7%-ға (186,2 млрд. теңгеден 202,2 млрд. теңгеге дейін) өсті. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында Түрксіб ауданының бюджеті 5,4 млрд.теңгеден 16,5 млрд. теңгеге дейін,я ғни 3 есеге ұлғайтылды. Бұл шаралар тұрғындардың өтінішіне жедел әрекет етуге  және аудан әкімдігінің дербестігін арттыруға бағытталған.

284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз