Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 18 Қаңтар, 2024

Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

Шымкентте 33 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік туралы ақпарат алды.

Полиция мұндай мәліметтерді жұмыс планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы арқылы табады. 

Тәртіп сақшылары Hyundai Elantra көлігін Рысқұлов көшесінде тоқтатып, айып тұрағына қойды. Көлікті алу үшін қарыз толық өтелуі тиіс.

509 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз