Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қаңтар, 2024

Қазақстанға Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы  жеткізілді

Қазақстанға  Отырардан шыққан ғұлама ғалым, ақын Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы  жеткізілді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Отырардан шыққан ғұлама әрі ақын Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар. Кітап атауының қазақша аудармасы «Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері» деп аталады.

Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді.

Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек  - 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан анықталып, көшірмесі алынды.

276 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз