Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 18 Қаңтар, 2024

Майқайыңалтын: Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жалғасуда

Алтын кенішінің түбіне түсірілген шағын экскаватор өте сақ жағдайда жұмыс істеп жатыр. Кешеден бері топырақ астынан автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты табылды.

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында жұмыстар барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілуде. Ауыр техникамен шұңқырдың шетіне аппарель төселді және сақтандыру кабелі бойынша шағын габаритті экскаватор түсірілгені жайында бұған дейін хабарлағанбыз. Алайда төтеншеліктер қазіргі күні қауіпті жағдайлар сақталып отырғанын хабарлады.

«Автобустың болжамды орналасқан жерінде бос орындардың болуы және іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде қайта құлау қаупі болғандықтан, барлық мамандардың өмірлеріне үлкен қауіп төнуде. ТЖМ мамандары халықаралық тәжірибені зерделеп, таяу елдердің мамандарымен, сондай-ақ Қазақстан ТЖМ ардагерлерімен кеңестер өткізді. Автобустың болжамды орналасқан жерінде қазба жұмыстары жалғасуда. Оның барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты және құтқарушының сөмкесі табылды. Топырақ пен тау жыныстары үнемі қозғалып, сырғып жатыр. Оларды нақты уақытта анықтайтын аппарат ойық жиегіне орнатылған» деп мәлімдеді Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.

Мамандар автобус ішінде болған екі құтқарушыны әлі де таппай жатыр.

Алдыңғы күні ойық түбін қазып жатқан шағын экскватор автобустың шанағы мен құтқарушылар сөмкесін тапқаны туралы хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз