- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 19 Қаңтар, 2024
Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапары аясында Bonifiche Ferraresi компаниясының Бас атқарушы директоры Федерико Веккьониді қабылдады, деп мәлім етті Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қ. Тоқаев пен Ф.Веккьони Қазақстанның аграрлық секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
ҚР Президенті еліміз бидай өсіру бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан Италияға негізгі бидай жеткізуші мемлекеттердің бірі, сондай-ақ ел ішінде астық өңдеу үлесін арттыруды жоспарлап отыр.
Фото: Аqorda
Өз кезегінде Федерико Веккьони компанияның Қазақстанда италиялық технологияларды пайдалана отырып, дәнді дақылдарды өсіру және өнімді одан әрі терең өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыруға, сондай-ақ мамандар даярлауға және технология трансфертіне қатысты жоспары туралы айтты.
Мемлекет басшысы Үкіметтің компанияға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар италиялық компания интенсивті бау-бақша шаруашылығын және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Фото: Аqorda
1894 рет
көрсетілді0
пікір