Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қаңтар, 2024

Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокатына қатысты сот талқылауы басталды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен заңгеріне қандай айып тағылғанын айтты. 

«Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне пара берудегі делдалдық, ал адвокатына – аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген айып тағылды. Сот талқылауы кеше басталды. Сот актісі жарияланған уақытта ресми ақпарат қосымша ұсынылады», - деп жауап берді сот агенттік сауалына.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасуда. Сотта екі эпизод — «Дипломат» қонақүйін тартып алу және «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезінде билігін асыра пайдалану, рейдерлік әрекет қаралып жатыр.

144 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз