Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қаңтар, 2024

Digital Almaty 2024: стартаптар байқауы өтеді

3 ақпанда Алматы қаласында Industry 4.0 Startup Battle конкурсының финалы өтеді. Байқауда стартаптар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағытында бақ сынайды. Стартаптар конкурсы Digital Almaty халықаралық цифрлық форум аясында ұйымдастырылып жатыр. 

«Startup Battle - өнеркәсіп үшін технологиялық стартаптардың шайқасына бағытталған Орталық Азиядағы ауқымды іс-шара. Қатысушылар Digital Oil Field, ESG, Smart Mining бағытында жарысқа түседі», - деді Digital Almaty-2024 форумын ұйымдастыру комитетінің басшысы Әдия Ахметова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, негізгі тректердің әрқайсысы 15 мың доллардан алады. Одан бөлек, Қазақстанның стартап экожүйесін өнеркәсіптік стартаптар бағытында қолдайтын серіктестердің жүлдесі бар.

Стартаптар конкурсына өтінімдер 25 қаңтарға (2024 ж) дейін қабылданады. Толық ақпаратты battle.almatydigital.kz сайтынан білуге болады.

Digital Almaty халықаралық цифрлық форумына қатысуға Иран, Үндістан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Ресей және Қытай халықаралық технопарктерінен өтінім келіп түскен. 

Фото: ortcom.kz

189 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз