Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 19 Қаңтар, 2024

Air Astana әуекомпаниясы Лондон қор биржасына кіретінін растады

Air Astana Лондон қор биржасында (LSE), АХҚО қор биржасында (AIX) және "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) бағалы қағаздар листингін жүзеге асыру ниетін растады. Бұл туралы kazgazeta.kz сайты хабарлайды.

"2024 жылғы 12 қаңтарда листинг өткізу ниеті туралы жарияланғаннан кейін "Air Astana" акционерлік қоғамы өзінің Жаһандық депозитарлық қолхатын (ЖДҚ) халықаралық нарықта бастапқы ашық жеткізуді және Қазақстандағы акциялар мен ЖДҚ-ны бір мезгілде ұсынуды жүзеге асыру ниетін растайды. Ұсыныс BAE Systems және "Самұрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамына тиесілі акциялар мен ЖДҚ-ны сатуды, сондай-ақ компанияның жаңадан шығарылған акциялары мен ЖДҚ-ны сатуын қамтиды", — делінген әуе компанияның мәлімдемесінде.

Орналастырудың түпкілікті бағасы, сондай-ақ Орналастыру шеңберінде сатылатын ҒДҚ мен Акциялардың ең көп саны өтінімдер кітабын (букбилдинг) қалыптастыру аяқталғаннан кейін айқындалатын болады. Қазіргі уақытта LSE-ге және AIX-ке жіберу 2024 жылдың ақпанында, ал KASE-ге жіберу - бүгін немесе таяу күндері өтеді деп күтілуде.
«Эйр Астана» АҚ Президенті және Бас атқарушы директоры Питер Фостер түсініктеме берді:
"Компания атынан мен" Эйр Астана" тобының жария капитал нарығына шығуын жүзеге асыру ниетімізді ресми түрде растауға қуаныштымын. Орталық Азия мен Кавказдағы әуекомпаниялардың ірі тобы бола отырып, біз саладағы біздің мәртебеміз, нарықтық ұстанымдарымыз бен өсу бейініміз тартымды инвестициялық мүмкіндікті білдіретініне сенімдіміз. Бұл біздің ұзақ мерзімді стратегиямыздағы маңызды кезең және біз жаңа қазақстандық және халықаралық инвесторларды Топтың акционерлері ретінде қарсы алу мүмкіндігін асыға күтеміз", - деді.
Орналастырудың басты егжей-тегжейлері:
• ҒДҚ листинг рәсімінен өтеді және LSE және AIX сауда-саттыққа жіберіледі. Акциялар листинг рәсімінен өтеді және AIX және KASE сауда-саттығына жіберіледі.
• Орналастыру мыналарды қамтиды:
(i) ҒДҚ-ның («Жергілікті орналастырудың ҒДҚ-ы») және акциялардың («Жергілікті орналастырудың акциялары», ал жергілікті орналастырудың ҒДҚ- мен бірге - «Жергілікті орналастырудың бағалы қағаздары») жергілікті орналыстыруы; және
(ii) ҒДҚ-ның ғаламдық орналастыруы («Ғаламдық орналастырудың ҒДҚ-ы»); сонымен бірге:
ҒДҚ-ның ғаламдық орналастыруы («Ғаламдық орналастырудың ҒДҚ-ы»); сонымен бірге: (а) компанияның өсу стратегиясын қолдау үшін компания шамамен 120 миллион АҚШ долларын тарта отырып, жаңадан шығарылатын акцияларды (немесе базалық активі жаңадан шығарылатын акциялар болатын ҒДҚ) ұсынуы және (б) СК және БАЭ акционерлерінің қолданыстағы акцияларды ((немесе базалық активі бар акциялар болатын ҒДҚ) ұсынуы акциялар).
• Жергілікті орналыстырулардың бағалы қағаздары Қазақстандағы институционалдық және бөлшек инвесторларға AIX (ҒДҚ және акциялар) және KASE (тек Акциялар) алаңдарында ұсынылады.
• Орналастырудың нәтижесiнде Компанияның еркiн айналыстағы Бағалы қағаздарының саны Компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санының кемiнде 25% -ын құрауы тиiс.
• Ғаламдық орналастыруға байланысты BAE Ғаламдық орналастырудың ҒДҚ-ның 15% -нан аспайтын қатысты қосымша ұсыныс опциясын (over-allotment option) ұсынуға ниетті.
• ҒДҚ базалық активі компанияның жай акциялары болады, бұл ретте бір ҒДҚ базалық активі 4 акция болады.
• Орналастыруға қатысты кез келген қосымша ақпарат Проспектіде ашылады (егер және қашан ол жарияланады).
• Ғаламдық орналастыруды жүзеге асыру үшін Компания Citigroup Global Markets Limited және Jefferies International Limited компанияларын бірлескен ғаламдық үйлестірушілер мен букраннерлер (бұдан әрі - «Бірлескен ғаламдық үйлестірушілер»), сондай-ақ WOOD & Company Financial Services, a.s. бірлескен букраннер ретінде тартты.
• Жергілікті орналастыруды жүзеге асыру үшін Компания бірлескен букраннер (ары қарай - «жергілікті үйлестіруші») ретінде «Halyk Finance» АҚ, жетекші менеджер ретінде Freedom Finance Global PLC, сондай-ақ «BCCInvest» АҚ, «SkyBridge Invest» АҚ және «Jusan Invest» менеджерлер ретінде тартты.

Компания менеджментінің роуд-шоуы 2024 жылғы 29 қаңтарда басталады деп күтілуде.

Фото: ашық дереккөз

440 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз