Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 19 Қаңтар, 2024

Ұлттық банк базалық ставканы төмендету себебін түсіндірді

Бүгін елімізде базалық ставка 15,25%-ға төмендеді. Оның себебін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндіріп берді.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8% құрады. Оның төмендеуіне бірқатар фактор түрткі болды. Сол сияқты Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты және Үкіметтің инфляцияға қарсы шаралары оң әсерін берді, бірнеше салаларда баға тұрақтады. Әлемдегі инфляциялық қысымның әлсіреуі де еліміздегі инфляцияның төмендеуіне ықпал етіп отыр», - деді Тимур Сүлейменов банкте өткен брифингте.

Оның айтуынша, елімізде инфляция динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес қалыптасып келеді.

«Азық-түлік инфляциясы 8,5%-ға төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 9,1%-ке дейін баяулады. Қызметтер инфляциясы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыру және тарифтердің көтерілуі жағдайында 12,4%-ке дейін өсті. Былтыр желтоқсан айында айлық инфляция 0,8%-ті құрады, бұл 0,7% құрайтын орташа жылдық динамикадан сәл жоғары. Өткен жылдың қорытындысы бойынша алдағы бір жылда күтілетін инфляцияның медианалық көрсеткіші біршама төмендеп, 16,4%-ті құрады. Респонденттер болашақта бағаның ықтимал өсуіне тамақ өнімдері мен жанар-жағармай бағасының өзгеруі себеп»,- деп атап өтті спикер.

Одан бөлек, төраға экономика салалары динамикасының өсіп жатқанын айтты.

«Мұнай өндірудің ұлғаюы, тамақ өнімдері өндірісінің кеңеюі, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасаудың өсуі жағдайында өнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемі 4,3%-ке артты. 13,3%-ға өскен құрылыс саласы мен 7,1%-ға өскен ақпарат және байланыс салалары да экономикаға оң үлес қосуда», - дейді Т. Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы сыртқы секторда инфляциялық қысымның әлсіреуі жалғасып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда:

Ресей - инфляцияның динасмикасы ерекше назар аударуды қажет етеді. Онда көрсеткіш 7,4%-ды құрап, ішкі сұраныстың тез өсуіне және инфляциялық күтулердің жоғарылауына себеп болды. Осының барлығы ақша-кредит саясатын одан әрі қатаңдатуды талап етті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында негізгі мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді.

Еуроодақ - Еуропа орталық банкінің тежеу саясаты жағдайында инфляцияның баяулау үрдісі байқалады, 3,1%. Дегенмен, 2% таргетке 2026 жылы ғана қол жеткізу мүмкін деген болжам бар. Яғни, жоғары пайыздық мөлшерлемелер ұзақ уақыт бойы сақталады деп күтіледі.

АҚШ - Федералды резервтік жүйе инфляцияның төмендеуіне қарамастан АҚШ-тағы инфляция әлі де жоғары және орнықты екенін атап өтті. Реттеушінің риторикасына сәйкес ақша-кредит шарттары инфляцияның таргетке жақындау белгілері байқалғанға дейін тежеу аймағында сақталады. Оларда да 2% құрайды. Қажет болған жағдайда ақша-кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Қытай - Қазақстанның тағы бір сауда серіктесі – Қытайда экономикалық белсенділіктің әлсіз көрсеткіштері жағдайында үш ай қатарынан дефляция байқалуда – 0,3%.

Фото: ашық дереккөз

356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз