- Безбен
- 19 Қаңтар, 2024
Былтыр 9 айда 373 млн долларға IT қызмет экспортталды – министрлік
Өткен жылы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында еліміз 373 млн долларға IT қызметтер экспорттаған.
Биыл наурызда көрсеткіш 500 млн долларға жетпек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ерманов мәлім етті.
«Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жақында Ұлттық банк ресми деректерін жариялады. Аталған уақыт ішінде IT қызметтердің экспорты 373 млн долларды құрады. Биыл Ұлттық банктің ресми есебі наурыз айында жарияланады, экспорт көлемінің 500 млн долларға жететініне сенімдіміз», - деді министрліктің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаментінің директоры Ерсұлтан Ержанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, IT қызметтерді экспорттау жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2020 жылы 30 млн долларды құраса, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 343 млн доллар.
Сондай-ақ, спикер экспорттың өсуіне 2018 жылы Astana Hub халықаралық технопаркінің ашылуы әсер етті. Атап айтқанда, акселерациялық білім беру бағдарламалары іске қосылды, сондай-ақ IT-компаниялар салықтан босатылды.
Фото: ашық дереккөз
520 рет
көрсетілді0
пікір