Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қаңтар, 2024

Алматы облысындағы үш есірткі зертханасы жойылды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдап жатыр. Алматы облысындағы ІІО қызметкерлері есірткі өндіру бойынша бірден үш жасырын есірткі зертханасын жойды, оның екеуі фитолаборатория болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тінту шаралары барысында пайдалануға дайын 130 кг астам есірткі тәркіленді. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін төрт адам ұсталды, оның екеуі таяу шетел азаматтары. Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Жалпы жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды, 400-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оларды жасағаны үшін 160 адам ұсталды, оның 10-ы шетелдіктер.

296 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз