Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қаңтар, 2024

Алматыда 400-ге жуық балалар мен спорт алаңы абаттандырылды

Алматыда 400-ге жуық балалар мен спорт алаңдары абаттандырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында бір жылда 397 балалар мен спорт алаңы абаттандырылады.

Жаңа нысандардың ең көбі Алмалы ауданында - 91, Медеу ауданында - 80, Жетісу ауданында - 56. Халық саны көбейіп келе жатқан Алатау ауданында 45 жаңа спорт алаңы салынды, көпірге жөндеу жүргізілді және 1135 жарық нүктесі жаңғыртылды. Былтыр мұнда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 54 жоба жүзеге асырылды.

Тұрғындардың өтінішімен Зерделі шағын ауданында «Сирень бағы», Аханов көшесіндегі сквер, Сайын көшесіндегі бақылау алаңы абаттандырылып, Қарасу шағын ауданындағы сквердің құрылысы басталды. Аллеялар мен скверлерді абаттандырумен қатар кей жерлерде шамдар ауыстырылып, Үлкен Алматы арнасындағы көпір жөнделді.

«Халық қатысатын бюджет» - бұл тұрғындар әкімдіктермен бірлесіп жергілікті бюджет қаражатын бөлісетін жоба. Тұрғындар өздері абаттандыру идеясын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды.

Фото: gov.kz

195 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз