Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Қаңтар, 2024

Алматыда бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру қашан тегін болады

Алматыда осы жылдың соңына дейін бір қоғамдық көліктен екіншісіне тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізілмек.

«Бүгінгі күні біз тарифтік мәзір әзірлеп жатырмыз. Кейін көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарына сүйене отырып, біз бүкіл маршруттық желіні оңтайландырғымыз келеді. Биыл «Bus километріне». ауысқымыз келеді. Жалпы, біз тарифтік саясаттың өзін қайта қарастырғымыз келеді», – деді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.

Спикер жобаның маңызды міндеттерінің бірі қоғамдық көліктердің тартымдылығын арттыру екенін атап өтті.

«Маңызды міндеттердің бірі – адамдардың белгілі бір уақыт ішінде басқа бағытқа тегін ауысып отыруы. Қазір бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Біз бәрін жақсы білеміз. Бұған қол жеткізе алмасақ, адамдарды қоғамдық көлікке отырғызу қиынға соғады», - деп қосты ол.

Сағындық Телібаев жаңа жобаны жүзеге асыру мерзіміне де тоқталды.

«Біз жобаны үшінші тоқсанда аламыз деп ойлаймын. Ал 2024 жылдың соңында жүзеге асыруды бастаймыз», - деп жауап берді ол журналистің сұрағына.

122 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз