Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Қаңтар, 2024

Зейнеткерлерге материалдық көмек төлеу туралы ақпарат – жалған

Зейнетақысы 140 мың теңгеден аспайтын зейнеткерлерге мемлекеттен 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"Мессенджерлерде зейнеткерлерге материалдық көмек төленетіні туралы жалған ақпарат таралуда. Тағайындалған қаражатты алу үшін белгісіз адамдар Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, №2 нысанды толтыруды ұсынады.

Аталған материалдық көмек түрі жоқ екенін және мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны хабарлаймыз.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген миристрліктің хабарламасында.

159 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз