Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қаңтар, 2024

Жетісу облысының полицейі өртте көрсеткен қайсарлығы үшін марапатталды

Жетісу облысының полицейі «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Базарбаев өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
2023 жылғы 2 қазанда қаланы патрульдеу кезінде дүкеннің өртеніп жатқанын байқап, терезе арқылы қарт адам мен жас қыз болған екінші қабаттағы пәтерге кірді.
Эвакуациялап болан соң Данияр үйден екі газ баллонын алып шықты.
«ТЖ министрінің атынан көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтамыз! Қол ұшын созу - нағыз құрметке лайық аса маңызды адами қасиет», - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы атап өтті.

Фото: @press_TJM

367 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз