Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2024

Алматыда - 5, Шымкентте - 2 баллдық жер сілкінісі тіркелген

23 қаңтар Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де - 2 баллдық және 01:36-да сезілмей) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы - 5 балл, Шымкент-2 балл.
Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді.
ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіппен ТЖ жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып және жұмыс істеуде.
Бұл штабтарда ТЖМ психологтарын тарта отырып, жедел желі телефондары жұмыс жасауда.
ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді.
Республиканың қалалары мен облыстарында зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Қырғызстан және Өзбекстан ТЖМ кезекші қызметтерінің ақпараты бойынша аталған республикаларда да жер сілкінісі тіркелген.

Фото: @press_TJM

183 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз