Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2024

Алматыда таңертең 2-3 балдық жерасты дүмпулері тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (ҚСМ) сейсмикалық стансалар желісі таңертең Қырғызстан мен Қытай шекарасында бірқатар жер сілкінісін тіркеді.

Алматы орталығының кезекші операторының хабарламасында айтылғандай, жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 05 сағат 19 минут 22 секундта қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында орын алған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.4. Магнитудасы - 5,8.

Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): 2-3 балл.

Келесі жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақытымен 05 сағат 56 минут 32 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.3. Магнитудасы - 5.2.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 06 сағат 12 минут 39 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,5. Магнитудасы - 5.3.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07 сағат 18 минут 38 секундта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде - Қырғызстан мен Қытай шекарасында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.4. Магнитудасы - 5,5.

Жер сілкінісі 23 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07 сағат 52 минут 11 секундта тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,9. Магнитудасы - 4,6.

Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында қабылдау жоқ.

Фото: ашық дереккөз

1525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз