- Безбен
- 23 Қаңтар, 2024
Алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS хабарлама неліктен келген жоқ?
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі туралы неліктен SMS хабарлама келмегенін айтты.
Департамент басшысының сөзінше, тәжірибе көрсеткендей, SMS хабарламаларды жедел жібергенде, бұл деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халық тығыздығымен байланысты.
«Ұялы байланыс операторларының ақпаратты өңдеуге уақыты жоқ, сәйкесінше жедел ақпарат кеш келеді», - дейді Нұрлан Атығаев.
Фото: ашық дереккөз
279 рет
көрсетілді0
пікір