Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2024

Алматыдағы зілзала кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шыққан

Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында мәлім етті.

«Біздің қалада 384 нысан бар, бұл — 229 мектеп және 115 балабақша. Оның барлығы сейсмикалық тұрақты. Түнде сол жерде күзет жұмыс істеді. Бір жарым сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерге келіп, халықты қабылдады», — деп түсіндірді ТЖД басшысы.

Оның айтуынша, реттеуші құжаттарға сәйкес әкімшіліктің халықты жинау пунктерінің келу және ашылу уақыты қыс мезгілінде — 1,5 сағат, жазда — 1 сағат. 

Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылды.

«Мегаполис тұрғындарын қабылдау пунктеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала бар. Қазіргі уақытта 1000-нан астам адам бар, оның барлығы осы сағат аралығында үйлеріне қайтады», — Нұрлан Атығаев.

Фото: Досжан Балабекұлы

283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз