Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2024

Күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды – Сейсмология институты

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев БАҚ пен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

- Сейсмикалық жағдайдан кейін біз Қырғызстан мен ҚХР аумағында 100-ден астам афтершококты тіркедік. Қала тұрғындары қазір 5-тен аспайтын афтершокты сезінді. Бұл қанша уақытқа созылуы мүмкін? Түркия мен Сирияда болған оқиғаларды алайық: жер сілкінісі осы күнге дейін болып жатыр, біз осы оқиғаларды тіркеп отырмыз. Сондай-ақ, сіз күн сайын Кахраманмараш пен Сириядағы оқиғаларды жаңалықтан көріп отырмыз. Бізде жойқын зілзала бола ма? Мен 100% жоқ деп айта аламын. Бізде күшті және жойқын жер сілкінісі болмайды, қатты жер сілкінісі болмайды. Дүмпу азайып барады. Біздің қаланың тұрғындары мен қонақтары қандай да бір дүмпулерді сезінген жағдайлар, жер сілкінісі кезінде әрекет ету ережелерін білу қажет.
Брифинг барысында сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
- Көптеген тұрғындар жанармай құю бекеттеріне барды, бұл жер сілкінісі кезінде қаншалықты қауіпсіз? 
-Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыстар, өрттер болуы мүмкін. 
Қандай да бір себептермен біздің азаматтар ресми дереккөздерден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға - ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органға сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз-журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін тәрбиелеу қажет.

214 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз