Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 23 Қаңтар, 2024

Биыл көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары атап өтіледі

2024 жылы Қазақстанда көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойлары атап өтіледі. Олардың қатарында белгілі жазушылар, ақындар мен ағартушылар бар, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәдееиет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың айтулы күндерінің бірі - балалар жазушысы, ақын, сценарист Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы болмақ.
Сондай-ақ қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан белгілі жазушы, аудармашы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толады. Өз заманында ол «Қазақ КСР Халық жазушысы» наградасына ие болды.
Театр және кино режиссері, Қазақ КСР Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына биыл 110 жыл, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Әбілхан Қастеевтің туағанына 120 жыл толар еді.
Сондай-ақ айтулы даталар тізімінде - заманауи қазақ әдебиетінің негізін салушы,  ақын, жазушы, драматург Ілияс Жансүгіров пен ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығы атап өтіледі.
Жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл, жазушы, ақын, драматург Жүсіпбек Аймауытовқа 135 жыл, ақын, жырау, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл болар еді.

396 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз