Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қаңтар, 2024

«Астана Опера» театрында Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы қойылады

23-24 қаңтарда «Астана Опера» театрының бас сахнасында Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы ұсынылады, - деп хабарлайды kazgazeta.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Басты партияларды түрлі күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Мейір Байнеш,  Бибігүл Жанұзақ, Айгүл Ниязова, сондай-ақ әртіс Бейімбет Таңарықов таныстырады.

Сондай-ақ спектакльде елордалық театрдың жас әртістері Ұлпан Әубәкірова, Алтынбек Әбілда, Валерий Селиванов, Мерей Қадырханов дебют жасайды.

Ұйымдастырушылар алғашқы минуттан-ақ қызықты көрініс болады деп сендіруде. 3D-технологияларды пайдаланудың арқасында табиғат суреттері мен тарихи тұрмыс көрінісі сахнада қайта жанданады. 

Еске сала кетейік, 2013 жылы «Астана Опера» театры ұлттық классиканың осы спектаклімен ашылған болатын. Бірнеше жыл «Біржан – Сара» Юрий Александровтың қойылымында жүріп келді. Кейін, 2018 жылы елордалық театр жаңа музыкалық-сахналық редакцияны көрермен назарына ұсынды.

Спектакльдің қоюшы режиссері - Асхат Маемиров, кеңесші режиссер - Михаил Панджавидзе, қоюшы дирижер - Абзал Мұхитдин.

Спектакльдердің басталуы 19.00-де.

154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз