Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Қаңтар, 2024

24 қаңтарда Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

​​24 қаңтар сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
Бірінші оқылымда депутаттардың бастамасымен әзірленген байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша заң жобасы қаралады. Жоба телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, қалалар мен ауылдардағы байланыс қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға бағытталған.
Екінші оқылымда денсаулық сақтау мәселелері бойынша медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізетін және олардың құқықтық қорғалуын күшейтетін түзетулер талқыланады.
Қазақстан мен Литва арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау жобасы да күн тәртібінде.
Сонымен қатар Мәжіліс «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын сайлайды.
Бұдан бөлек Мәжіліс комитеттері екі жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды: мәдениет және білім беру мәселелері бойынша, сондай-ақ қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтеді.
Тікелей эфирді Мәжілістің parlam.kz ресми сайтынан, YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан көруге болады.

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз