Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Қаңтар, 2024

Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты

Алматыда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендерге көмек туралы айтты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz.

23 қаңтарда сағат 17:00-дағы жағдай бойынша Алматы ауруханаларына 67 адам медициналық көмекке жүгінген.

"Оның 55-сі ересек, 12-сі бала. Сегіз адам ауруханаға жатқызылды (үш ересек және 5 бала), қалған науқастар барлық қажетті тексеруден кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Үш ересек науқас Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында жатыр. Науқастардың бірі отадан кейін жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Екі науқас травматология және ортопедия бөлімшесінде жатыр, жағдайы орташа ауыр. Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында төрт бала: 6 және 7 айлық, 7 және 16 жастағы балалар медициналық көмек алып жатыр", - делінген хабарламада.

119 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз