Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қаңтар, 2024

Бүгін 9 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz.

24 қаңтарда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күндіз Қарағанды, Теміртау, тәулік бойы Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Риддер, Павлодар, Петропавл қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: ашық дереккөз

220 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз