Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қаңтар, 2024

24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды

Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.

Тереңдігі — 5 шақырым. 

Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.

Тереңдігі — 5 шақырым. 

Оны да алматылықтар сезбеді.

Фото: ашық дереккөз 

236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз